Ертегілер әлеміне саяхат » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » Ертегілер әлеміне саяхат
04
наурыз
2019

Ертегілер әлеміне саяхат

27- ақпан күні Абай атындағы мектеп гимназиясында бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер әлеміне саяхат » атты тақырыпта мектеп кітапхана меңгерушісі Сиязбаева Шолпан Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен сайыс өткізілді. Сайысқа ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты.
Сайыстың мақсаты: Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту. Сөзді анық айтуға, есте сақтау , қайратты істерге құлшындыруға қабілетін дамыту
Сайыс барысында Сиязбаева Шолпан ертегі халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті екеніне және ертегіні мазмұнына қарай әр алуан, ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге тоқталатынына қысқаша тоқталып, отырған көрермендерге, сайысқа қатысатын оқушыларға әділқазы мүшелері таныстырылды. Әділқазы мүшелері:
Мектеп директоры Есенгулова Нурзиля Бақытжанқызы
Қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі -Төребек Сандуғаш.
Мектеп психологы Мушелдесова Анель.
География пәнінің мұғалімі Урумбазарова Данагул Мұхатаевна.
Сайыстың ашылу салтанатын 5а сынып оқушысы Өмірбек Тамиристің орындауында «Ертегілер әлемі» атты әні орындалып, ары қарай мектепалды даярлық «а »тобының «Алдар көсе» көрінісінен басталып, 4ә сынып оқушыларының «Тамақтың исі мен ақшаның сылдыры» атты көрінісімен аяқталды. Сайысқа 12 сынып оқушыларынан көрініс қойылып, соңынан қортынды сөз кезегін әділқазылар алқасына беріліп, мектебіміздің директоры ата-аналарға балаларының костюмдерінің дайындықтарына алғысын білдіріп, оқушылар марапатталды.

Бас жүлде иегерлері -1ә сынып оқушылары, сынып жетекшісі Джулдасбаев С.
І орын иегерлері- 3б сынып оқушылары, сынып жетекшілері Мұратбекова А.
ІІ орын иегерлері – мектеп алды даярлық «ә» тобы, 2а сынып оқушылары, сынып жетекшілері Жақаева Замзагул, Баяхметова Гулизат.
ІІІ орын иегерлі- мектеп алды даярлық «а» тобы, 2ә, 4ә сынып оқушылары, сынып жетекшілері Дувиен Қалам, Борангазиева Асель.Уанбаева Мөлдір. Сайысқа келген ата –аналар балаларының, қойған көрінісіне тәнті болып, ризашылықтарын айтып өтті.