Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік
04
наурыз
2018

Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік

«Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобаны іске асыру мақсатында 20-24 ақпан аралығында Абай атындағы мектеп гимназиясында«Жасөспірім – Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтті. Акцияға жоспар құрылып, жоспар бойнша жұмыстар жүргізілді.
Акцияның мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Акция барысында 2-6 сыныптар аралығында «Сақтықта қорлық жоқ» атты тәрбие сағаты, 7-8 сыныптар аралығында ««Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік» атты тәрбие сағаты, 9-11 сыныптар аралығында «Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өткізілді.
21 ақпан Сарқан АІІБ мекемесінің ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне 8-10 сынып оқушылары қатысып,ішкі істер органдарының мекемесін Сарқан АІІБ қызметкерлері аралатып, таныстырды.

23 ақпан күні бопсалаудың алдын алу мақсатында Сарқан АІІБ ЖПК ЮПТ инспекторлары полиция лейтенанты Шаров Ж. А және полиция лейтенанты Бейсенбі Б, полиция лейтенанты Серипаев Ж. 9-10 сынып оқушыларынан анонимдік сауалнама алды.

Жоспар бойынша «Қылмыс пен жаза» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында бейнелеу өнерінен байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлде -7б сынып Әлібай Рахат, 1 орын – 6а сынып Кәрім Ясмина, ІІ орын-6б Сәбікен Серікбол, ІІІ орын-6а сынып Дәулеткен Нұрай, «Жас суретші» номинациясы – 6а сынып Қуатбек Гүлжайна, «Жас графика шебері» номинациясы – 6а Дәлеткен Арай, 6б Нүсіпқан Балжан.