Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Автор: admin от 15-12-2017, 00:48, посмотрело: 253

8 Жас дарындар біріксе…
Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады», -дегендей Абай атындағы мектеп гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Дастан Ерланбекұлы аудандағы мектеп оқушыларын "Брэйнг-ринг" зияткерлік ойынына қатыстырып, білімдерін сынады.
Ойынның мақсаты -жастардың білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және оқушылар арасындағы байланысты нығайту. Сайысқа 6 команда қатысып, әр түрлі сала бойынша қойылған сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап берді. Аталмыш сайыста оқушылар өздерінің ұшқыр ойларын және тапқырлықтарын көрсете білді. «Жас білек біріксе, алынбас асу болмасы анық»- дегендей ойын соңында Абай атындағы мектеп гимназия директоры Есенгулова Нүрзиля Бақытжанқызы марапаттау қағаздарын тапсырды. І орынды – Абай атындағы мектеп гимназия оқушылары, ІІ орынды – Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды – Екіаша мектеп оқушылары алса, оқушылар арасында өзінің ерекшелігімен көзге түскен оқушылар ынталандыру қағазымен марапатталды. Ойынға жан-жақты, сырты келбетімен ерекше дайындықпен келген Екіаша мектеп оқушыларын мектеп басшысы ерекше атап өтті.
Бұл сайыс тәуелсіздігіміздің 26 жылдығымен, «Рухани жаңғыруды» басшылыққа алып жүргізілді.

Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты
Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты
Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Оқушылар жетістіктері

 

ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Автор: admin от 15-12-2017, 00:31, посмотрело: 486

0 Жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеуде Ел басы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы зор. Алматы қаласында 4-6 желтоқсан аралығында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық ғалымдар Ожағының ұйымдастырумен Қ.Р Тәуелсіздік құрметіне арналған «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІ ЕЛ-ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты ғылыми пракиткалық конференция және өнер фестивальі өтті. Оған Абай атындағы мектеп гимназияның түрлі пәндік үйірмелерінен оқушылар қатысты. Ағылшын тілі пәні бойынша 2 сынып оқушысы Қуатбек Балжан, Бақытжан Айғаным, Әлімғазы Мөлдір 1 орын.Жетекшісі Әлжанова Жадыра Тілеуқожақызы. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бойынша «Көркем сөз» номинациясынан Қуатбек Гүлжайна бас жүлде, Әмір Әйгерім 1 орын, Кәрім Ясмина 2 орын. Жетекшісі Мағзум Ақбота.Шахмат үйірмесі бойынша екінші сынып оқушысы Нұржан Ералы бас жүлде иеленсе, бала кезінен шахматқа деген қызығушылығын оятқан атасы Орыспаев Нұржан құрмет граматасымен марапатталды. Жүлдегер оқушылар Дубай қаласына жолдама алды. Ұлы армандардың бастауына жол ашып, «Бұлақ көрсең-көзін аш»деген қағиданы басшылыққа алып жүрген шығармашыл ұстаз Смаханова Улжан Озбекханқызының осы жұмысты ұйымдастыруда еңбегі шексіз. Абай атындағы мектеп гимназиядан әліде талай дарындылар шығатынына кәміл сенеміз.
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Оқушылар жетістіктері

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM: